Белгісіз біреу автобус жүргізушісін тірідей өртеп жіберді (видео)
Австралияның Брисбен қаласындағы (Куинсленд штаты) Мурука ауданында аялдамаға тоқтаған автобусқа кенеттен жүгіріп мінген белгісіз біреу жүргізушінің үстіне жанармай төгіп, өртеп жіберді.

Оқиға салдарынан жүргізуші сол жерде қаза тауып, 12 адам жараланды, деп хабарлайды News.com.au. Полицейлер қаскүнемді қолға түсірді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, «қаскүнем адамды себепсізден себепсіз өртеген».
Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиғадан салондағы әйел жолаушылар жанұшыра айқайлап, сыртқа шығу үшін есікке қарай жүгірген. Бірақ, есік жабық болғандықтан, олар терезені сындырып шығуға тырысты. Сол маңайда кетіп бара жатқан такси жүргіузшісі жетіп барып, автобустың есігін сырттан теуіп ашқан. Осы оқиғаға байланысты қала билігі Брисбенде төтенше жағдай жариялады. Полиция шабуылдың терроризмге қатысы жоқ екендігін айтса да, артынша саперлар келді, деп хабарлайды жергілікті 7 News арнасы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады