Белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Белгілі тележурналист Бибігүл Жексенбай сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР парламент сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

“Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай Қазақстан Республикасы парламенті сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс ісі бойынша кеңесші қызметіне тағайындалды”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Бибігүл Жексенбай әр жылдары республикалық басылымдар мен баспаларда жұмыс істеді. “Хабар” агенттігі директорының орынбасары, продюсері, “Қазақстан” теле-радио корпорациясында лауазымды қызметтер атқарған.
2010 жылдан “Жетінші арна” директорлар кеңесінің төрайымы болып қызмет атқарды.
Оқи отырыңыз:
Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы нашарлап кетті
Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым
Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін
Қазақ асханасы әлемдегі ең нашар асханалардың бестігіне кірді
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады