KeshYou тобының экс әншісіне үйленген боксшы тойын дүркіретіп атап өтті (видео)
Белгілі қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов KeshYou тобының бұрынғы әншісіне үйленді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: instagram.com/kasipkoyboxing/
Спортшы желіге болашақ жарымен ортада вальс билеген сәтін жариялаған.
Желі қолданушылары екі жасты құттықтап, тілектерін қарша жаудыруда.
Ақбота Құрманғали KeshYou тобында 17 жасында ән айтқан. Көп уақыт өтпей ол топтан кетіп қалыпты.
Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) кәсіпқой боксқа 2018 жылдың сәуірінде келген. Тоғыз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.
Ахмедов осы жылы 26 қыркүйекте рингке оралып, Монреалдағы бокс кешіне қатысады. Келесі қарсыласының аты-жөні әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Садриддин Ахмедовтың қалыңдығын ұзатып алғаны туралы хабарлаған едік.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”