Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BBC агенттігі Ninety One туралы жазды

Әлемге әйгілі BBC агенттігі қазақстандық Ninety One тобы туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Телеарна топ халықаралық атаққа ие болғанын атап өтті. Дегенмен бастапқыда орындаушылар сыртқы келбеті үшін сынға ұшырағанын да сөзге тиек етті. 

Агенттік хабарлағандай, оларды Оңтүстік Кореяда пайда болған музыкалық жанрда - K-pop - өнер көрсететін топ деп қателесуге болады. Алайда, олай емес, олардың жанры - Qazaq pop немесе Q-pop.

"Олар дебют жасаған кезде олардың сыртқы келбеті өте консервативті елде көпшілікті таң қалдырды. Ұлдар ашық түсті, тар джинсы киген ... олардың стилі арандатушылық саналды", - деді "91" тобының продюсері Ерболат Беделхан.

Адамдардың ашуланғаны соншалық, тіпті концерттерін тоқтатуды талап етіп, наразылық шараларын өткізген.

"Қазақстандағы адамдар, олардың ойында қалыптасқан қазақстандық ерлер мен әйелдердің сыртқы келбетін өте жақсы қорғайды", - деді қазақстандық гендерлік маман Айзада Арыстанбек.

Ninety One тобы, немесе "91" - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде дебют жасаған қазақстандық бойзбенд, оның құрамына ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Құлымшин) кіреді. Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында топтан A. Z. (Азамат Зенкаев) кетті.

Топтың продюсері - қазақстандық Orda музыкалық тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Талқылау