Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақова көлігін соққан кісінің жағдайы мен материалдық шығын жайлы айтты

Кеше жол апатына ұшыраған Айжан Байзақова өзінің көлігін соққан кісінің жағдайы мен материалдық шығын жайлы айтты. Айжан жүрегі нашарлағандықтан, ол адамның кінәсі жоқ екенін алға тартты. Көлігіне едәуір зақым келсе де, Айжанның ол кісіден шығын өндіретін ойы жоқ. Блогер керісінше ел болып, басына іс түскен азаматқа көмектессек деген ниетте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бір-бірін атып тастар еді: Байзақова еліміздегі жағдайды түсіндірді"Қазір ол ағаға қалай көмектессем болады деп ойлап отырмын. Өйткені оның көлігіне де зақым келді, үлкен шығын келген басқа көліктер де бар. "Тесланың" жөндеуіне кемі 20 мың доллар керек. Көпшілік алаңдап, қалай көмектесуге болатынын сұрап жатыр. Қазір ол ауруханада жатыр, мен өз нұсқамды ұсындым. Ол кісіден бірдеңе алады деп ойламаңыздар. Есін жиып, реквизит бергенін күтемін. Артық сот пен проблемасыз тиындап жинасақ та, көмектесе аламыз деп ойлаймын. Барлығымыз біріксек, тағы бір игі іс жасаймыз деп ойлаймын", – деді Байзақова. 



Айта кетейік, бұған дейін Байзақованың жол апатына ұшырағанын жазған едік. Ол жолда жүрегі нашарлаған адамға көмектеспек болып тоқтаған. Сол сәтте есін жиып үлгермеген ер адам газды басып, Айжанның көлігін соғып кеткен. 

Талқылау