Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байдың балалары себепсіз Gelandewagen көлігін өртеп жіберді (видео)

Британия астанасының жасөспірімдері еш себепсіз Mercedes Gelandewagen көлігін өртеп, қоғамды шошытты. Олар өздерінің бұл әрекетін видеоға түсіріп, “Лондонның бай балалары” атты жабық парақшаға жариялаған.

пеакву

Бұл туралы “Дни ру” басылымы хабарлайды.

“Біздің ішіміз пысқандықтан, G-Wagen көлігін өртеп жібердік”, – деп жазады бойжеткендер суреттің тұсына. Видеода жігіт Mercedes көлігінің жанына келіп, оны өртеп жібереді. Gelandewagen орындықтара жана бастайды.

ор

нп

вуы

Әлгі жігіт бір затты лақтырған кезде, от бұрынғысынан бетер лаулап кетеді. Бұдан кейін жігіт “Суретке түсір! Түсір!” деп айқайлап, жүгіріп кетеді.

4эж

лор

Кей басылымның хабарлауынша, аталған “Алтын жастар” тобына 190 мың адам тіркелген. Олар әлеуметтік желі арқылы түрлі сурет пен видеоларын бөлісіп отырады. Бұдан өзге олар кедей отбасында дүниеге келген құрдастарын мазақ етеді.

Олар көбінесе алтын көлікті немесе ақшаны дәретхана қағазына айналдырғандарын суретке түсіреді. Суреттерінің соңына “жабайы кедейлер”, “мүсәпірлер” сынды сөздер жазып отырады.

Талқылау