"Бәйбіше": AZ Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялады
Ерке Есмахан мен 91 тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевтың ара-қатынасы соңғы кездері жиі талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Көпшілік олардың бірге екеніне әлі де сене алмай жүр. Ал бұл ретте Азамат Зенкаев Instagram-дағы парақшасында жұбымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фотодан жұптың арасындағы махаббат сезіледі. Әрі AZ сурет астына ерекше жазба қалдырды.
“Baby-she sol Bäibіşe”, – деп жазды рэпер.
Жазбаны көрген желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі бақыт тілеп жатса, екіншілері көргендеріне сене алмай жатты.
“Бастысы сіз бақытты болсаңыз болды”, “Жылайын ба, күлейін бе?”, “Сонда тоқал да бола ма?”, “Шок”, “Бомба болды”, “Өте керемет жұп”, – деп жазды олар.
Бұған дейін, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев некесін қиғаны туралы айтылды. Жұлдызды жұп ерлі-зайыпты атанды. Алайда қуанышты жаңалықты қос әнші де көпшілікке жария еткен жоқ.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"