Баян Нұрмышева өзін балағаттаған бойжеткенге өлеңмен жауап қайтарды
Баян Нұрмышева өзін балағаттаған желі қолданушысына жауап берді. Әнші пікірін ақынның өлең жолдары арқылы жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Елімізге танымал әнші Баян Нұрмышева өзін желіде “мамбет” деп балағаттаған Әйгерім Үсенбаева есімді бойжеткенге жауап берді.
Әнші жанжал шығармастан, Таңжарық ақынның өлеңі арқылы өз ойын жеткізуге тырысқан. Мұнымен қатар, өзін балағаттаған бойжеткенге сауаттырақ болуға кеңес берді.
Желі қолданушылары да әншіге қолдау көрсетіп, “Ата-анасы жоқ қыз ба? Өз анасын солай айтса қандай күйде болады екен?”, “Әдепті жауап жазыпсыз. Баян ханым, тәрбиелі болудың үлгісін көрсетіңізші” сынды пікірлер білдірген.
Оқи отырыңыз:
Қанат Әлжаппаров танымал айтыскердің сынына жауап берді
Қазақстандық спортшы өзін Анджелина Джолиге ұқсатқандарға жауап берді
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады