Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: Тұрсын екеумізге кинода ерлі-зайыптының рөлін сомдау туралы ұсыныс түсті

Баян Алагөзова жақында жаңа кинода бой көрсетеді. Көп кинода ойнауға келісім бере бермейтін продюсердің киноның сценарийіне көңілі толған. Алайда оған жұбайы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге роль сомдауды ұсынған.

Баян Алагөзова

Баян Алагөзова әдетте барлық рольдерге келісім бере бермейтінін айтады. Өз картинасында немесе актриса табылмаған жағдайда келіседі екен, деп хабарлайды Алматы арнасы.

"Киноға түсу менің сүйікті ісім емес. Актрисалық өнер маған жақын емес. Сондықтан көп ұсыныстан бас тартамын. Ал, мына киноның сценарийі ұнады. Продюсер кино сценарийінің Тұрсын Алагөзов екеумізге арнайы жазылғанын айтты. Тұрсынға менің жолдасым болып кинода роль сомдауды ұсынды. Алайда мен бас тарттым. Себебі ол актер емес. Кинода шынайы ойнай алу керек. Әркім өз ісін жасау керек. Тұрсын кәсіпкер. Сондықтан ол бизнеспен айналыса берсін", - деп күледі продюсер. 


Тұрсын Алагөзов: Жан Байжанбаев Баян Алагөзованің талғамындағы адам емес (видео)


Баян Алагөзованың жолдасының рөліне Жан Байжанбаев таңдалыпты. Ерлі-зайыпты болып екеуі кинода алғаш рет роль сомдамақ. 

"Мен әрдайым түсірілім алаңы үшін жауапты болып үйреніп қалғанмын. Жауапкершілікті сезінетінмін. Жүйкені жұқартатын, барлық жауапты өз мойныңа алатын жұмыстар атқардым. Ал, қазір тек актриса ғанамын. Мұнда ондай жауапкершілік жоқ", - деді Алагөзова. 

Талқылау