Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек Инстаграмның арқасында бюджет ақшасын үнемдеп жатқанын айтты

Инстаграм әлеуметтік желісінен аккаунт ашар кезде Алматы қаласы әкімдігі басшылығы халықтың өтініші мен шағымынан көз аша алмай қаламыз ба деп қауіптенген.

c8dcf81005563c9551be1076cc3

Сурет i.kapital.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Біз егер әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін пайдаланатын болсақ онда тұрғындардың шағымы мен өтініші басып қалатын болды деп қорықтық. Алғашқы пәтте солай да болды, бірақ қазір шағымдардың 85 пайызы шешімін тауып жатыр”, – деді әкім.

Оның айтуынша әлеуметтік желі арқылы халықпен өте ұтымды кері байланыс жасауға болады екен. “Қазір бізді 90 мыңнан астам жазылушымыз бар. Инстаграмның арқасында халықпен тікелей байланыс орнатып, ақшаны кәдімгідей үнемдеп жатырмыз”, – деді ол.

“Ойлап көріңіздерші егер біз мұны дәстүрлі стилде жүзеге асырған болсақ, онда қаншама адамды қабылдап, шағымын тыңдап, жауап жазып отырушы едік. Қазір мұның барлығы тек экранды басып қалу арқылы ғана шешіліп жатыр”, – деді қала әкімі.

Байбектің айтуынша, қалалықтардың белсенділігі арқасында жергілікті билік қай ауданда не болып жатқанынан дәйім хабардар болып отырады.

“Тұрғындардың сұрақтарын жылдам шешу үшін жұмысты да тез реттеп отыруға тырысамыз. Бұл қала билігіне деген тұрғындардың сенімін арттыра түсетіндігі сөзсіз”, – деді мегаполис басшысы.

Талқылау