AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында қар суынан мектеп қабырғасы құлады

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында қар суынан мектеп қабырғасы құлап қалды. Тұрғындар мектеп ғимараты салынған уақыттан бері жөндеу көрмегенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

мектеп

"Мен өзім осы мектепте оқығанмын. Кеше сыныптастарым осындай суреттер жіберді. Барлық құжаттар, кітаптар мен жиһаздар жарамсыз болып қалды. Бұл корпуста бір оқу сыныбы, директор кабинеті, кітапхана мен спорт залы орналасқан. Оқиғадан кейін мектепке Қоскөл ауылдық округының әкімі мен аудандық білім бөлімінің басшысы келді. Көмектескен жоқ, арнайы техника мен күректері де болмады", – дейді ауыл тумасы Салтанат Сағынғалиева. 

Айтуынша, мектеп корпусы 1988 жылы салынған және бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ауыл мектебінде қазір 37 оқушы білім алады. 

Қаратөбе әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мектеп ғимаратының екі корпустан тұратынын айтты. Алғашқысы 1967 жылы, екіншісі 1988 жылы тұрғызылған. Ал қабырғасы құлаған корпусты 1988 жылы ауыл тұрғындары өздері салған екен. 

"Екі корпус зардап шекпеді. 1988 жылы ауыл азаматтары салған корпус қабырғасы құлады. Жалпы аумағы 114 шаршы метр және төрт кабинеттен тұрған. Іргетасы тым төмен болғандықтан, қар суы жиналған. Саман қабырға шыдамай, құлап кеткен. Өзге корпустар зақымдалмады, оқу штатты режимде жалғасып жатыр", – деді Жасұлан Сұлтан.

Бұдан бір жыл бұрын мектепте техникалық тексеріс жүріп, ғимаратты апатты деп таныған. Жасұлан Сұлтан келесі жылы жаңа мектеп салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр