Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басымды қатырмаңдар": Даулы видеодан кейін Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеу басталды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының жаңа бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернетте және БАҚ-та жарияланған видеоны зерттеді, онда Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Талдықорғандағы жергілікті базар кәсіпкерлерімен кездесу кезінде қала тұрғындарына тиісті құрмет көрсетпеген. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардың наразылығын ескерді және мұндай мінез-құлық мемлекеттік қызметшіге сай емес деп санайды", - делінген хабарламада.

Қызметтік тергеу жүргізу нәтижелері халыққа хабарланады.

Еске салайық, Ерғали Сыдыманов қызметке кіріскеннен кейін Талдықорған тұрғындарымен кездесті. Бірақ алғашқы кездесу қала тұрғындарының көңілінен шықпаған. Шенеуніктің сөзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.

"Мен саған қызмет етпеймін. Балаларды тамақтандыру керек екенін түсінемін, сонда-мұнда, несиелер бар, андай-мындай. Мен бірінші жыл тұрмыстамын ба? Болды, кетіңіздер, басымды қатырмаңыздар! Сен неге түсіресің, осылай бәрі басталады", - дейді Ерғали Сыдыманов видеода.

Талқылау