Басы дауға қалған Серік Сапиев жаңа қызметке тағайындалды

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалдан кейін қос спортшы да өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлаған еді. Осыдан кейін Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі қызметіне тағайындалды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім 2024 жылы күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында көзделген ротация қағидаларына сәйкес қабылданған.
Айта кетейік, бұған дейін 21 қаңтар күні Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жұмыс орнында жанжал шыққаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланып, қоғам назарын аударды.
Аталған жағдайға байланысты Қарағанды облысының Полиция департаменті жанжал фактісін растады. Басқарманың мәліметінше, ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)