Бас санитарлық дәрігер коронавирусқа сенбейтіндерге жауап берді
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова брифингте коронавирусқа сенбейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитарлық дәрігер коронавирустың қаншалықты қауіпті екеніне халықты көзін жеткізуге тырысты. Әлемде тіркелген науқастар мен қайтыс болғандардың санын біле тұра вирусқа сенбеу мүмкін емес, дейді ол.
"Бүгінгі таңда әлемнің 215 елінде 6 миллионнан астам адам коронавирустық инфекциямен ауырып, оның ішінде 377 мың адам қайтыс болған. Осы жағдайға қарап, оған сенбеу мүмкін емес. Сондықтан профилактикалық шараларды қатаң сақтау қажет", - дейді Айжан Есмағанбетова.
Осылайша министр сақтық шараларын қатаң бақылап, санитарлық нормалардың орындалуын қадағалау керектігін жеткізді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"