Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас мүфти: Қашықтан дұға жасап, бата берген дұрыс

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы батаны қашықтықтан беріп, індеттің алдын алу үшін жаназаны тек жақындары шығарсын деп кесіп айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында бас мүфти жаназа шығаруға қатысты кейбір ұсынылған талаптарды сақтауға шақырды. Ол батаны қашықтықтан да беруге болатынын, бүгінгі жағдайда сырттай тілекші болған жөн екенін айтты.

"Қазақта той бару, тойда тілек айту, адам өмірден кеткенде топырақ салу деген дәстүр бар. Алайда қазір дәстүрге түсіністікпен қарап, одан да маңызды адам өмірі екеніне көңіл бөліп, адамның амандығына үлес қоссақ. Қазіргі таңда той-жиындарды тоқтатты. Адамның өмірі болғаннан кейін, өлім болады. Ондай жағдайда туыстарымен атқарып, дұғада, тілекте болсақ. Қазір бата беруді бармай-ақ, қашықтан беретін мүмкіндік бар. Сондықтан талаптарды сақтайық", - дейді бас мүфти. 

Бас мүфти бұл індеттің алдын алу барлығының міндеті, сол себептен барлығымыз әрекет жасайық деп мәлімдеді. 

"Халқымызда "Ауыр жол батаңды сынайды, ауыр іс адамды сынайды" деген нақыл  сөз бар. Бұл сынақ жасқа да, жасамысқа да ауыр тиюде. Қазір карантин уақыты, адамдар әртүрлі ойларға салынып, кейбіреуі ауырып, емделіп жатыр. Қазіргі таңда біз барынша сабыр етіп, бірге болып, бір-бірімізге қолдау жасап, сынақтан аман-есен өтуді Алладан сұрасақ, қабыл етеді", - дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр