Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған: Солтүстік Қазақстанға оңтүстіктен көшіп барғандар үйлері өртеніп кете ме деп қорқады

Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен көшіп барғандар үшін алғашқы жылыту маусымы төтенше жағдайдан басталды. Подгорное ауылында мұршаның дұрыс орнатылмауынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

дом ско

Нұрсұлтан Қуатов солтүстік аймаққа Арыс өңірінен көшіп келген. Подгорное ауылында оның отбасына сатып алу құқығымен жалға тұрғын үй берілген. Олар бұл үйде бір қысты аман-есен өткізген, алайда осы жылғы жылыту маусымы өрт шығумен басталып отыр.

"Бізге құбырдан ұшқын шыққанын айтты. Өрт сөндірушілер осылай деп жазған. Үйіміздің шатырында ағаш кескінділері бар және жаз айында олар толығымен кепкен. Ал біз пешті жағып жатқанымызда мұршадан шыққан көмір шатырға түсіп, жана бастаған. Бір тіреуіш толығымен өртеніп кетті. Абырой болғанда көршіміз өрт түтінін дер кезінде байқаған", – дейді Нұрсұлтан Қуатов.

Өрт сөндіру кезінде үйді су басқан, енді жөндеу жұмыстарын жасау қажет. 4 баласы бар шаңырақ әзірге көршісінің үйін паналауда. Бірақ ол үйде де от жағуға қорқады.

"Үйдің түтін мұржасы тік шығарылған. От жағуды бастасақ болды ұшқындары шашырайды. Ал бәрі ағаштан жасалғандықтан біз қорқамыз. Менің күйеуім вахталық әдіспен жұмыс істейді, көбінесе үйде балаларыммен жалғыз қаламын", – дейді Подгорное ауылының тұрғыны Жадыра Кәрібаева.

Тұрғындардың қорқынышын облыстық Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар департаменті де растайды. Мамандардың айтуынша, қоныс аударушыларға арналған үйлер өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзумен салынған, егер олар уақытында ретке келтірілгенде, өрт жағдайы орын алмайтын еді.

"Шілдеде Қызылжар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған барлық тұрғын үйлерге тексеру жүргізді. Аудан аумағында осындай 87 үй бар. Зерттеу нәтижелерінде әр үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу орын алған. Пештің мұржасын мезгілімен тазалауға арналған түтін құбырларының конструкциясында тесік болмай шықты. Сымдар жанғыш орындарға жақын тартылып, мұржаның биіктігі өрт қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келмейді", – деді Қызылжар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Аслан Ахметжанов.

Өрт-техникалық тексеру жұмыстары Подгорное, Чапаево, Бескөл, Налобино, Якор ауылдарындағы үйлерге жүргізілген. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар туралы балансына аталған үйлер кіретін облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ресми түрде хабарланды.
Әкімдік бұған қоса, үйді салғандарға ескерту жасалғанын, олқылықтардың кейбірі жойылғанын айтты.

"Мамыр айынан тамыз айына дейін үйді салушылар бірқатар жұмыстарды атқарды. Комиссияның қорытындысы бойынша, үй құрылысының материалдары бойынша және басқа да орындарда бұзушылықтар анықталды. Мынандай жұмыстар қайта жасалды. Жылу жүйесі өзгертілді, электр сымдары бойынша электр сымдары бойынша ақаулар реттеліп, қателіктерді тексеру және жою бойынша жұмыстар жүргізілді", – деді Қызылжар облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қайсар Амирин.

"Еңбек" бағдарламасымен қоныс аударушылар қыста алаңсыз пеш жағып отыру үшін жылу жүйесіндегі қателіктер жойылады деп үміттенеді.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 15 Қыркүйек, 2021 09:52
Талқылау