AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы қол ұстасып, жоғалған баланы іздеген: Қапшағайдағы видео желідегілердің жүрегін елжіретті (видео)

Қапшағай су қоймасында жоғалып кеткен баланы іздеу кезінде түсірілген видео қазақстандықтарды елең еткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, 26 маусым күні 8 жасар бала су қоймасының жағасында жоғалып кеткен.  Жағалауда демалып жатқан адамдар баланы іздеп, суды кешіп өткен.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кейінірек бала Қапшағай су қоймасының жағалауынан аман-есен табылған.

"Құтқарушылар осылайша қоғамдық құтқарушыларға оқу жаттығуларын өткізді. Олар әкімдік тарапынан Қонаев қалалық жағажайындағы жұмыстың негізіне алынады. Бұл іздеу әдісін қоғамдық құтқарушылар демалушылармен бірге құтқарушылар келгенге дейін баланы іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде қолданады", - деп хабарлады ТЖД.

"Қарасаң, көзің қуанады", "Қандай тату, қайырымды халықпыз", "Бала жағажайдан аман табылды", "Жарайсыңдар, жігіттер, жүректі елжіретіп жібердіңдер", – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Қапшағай су қоймасында бір отбасының 4 адамы суға батып кеткені белгілі болды. Қайғылы оқиға Көк шығанақ аймағында, суға түсу үшін жабдықталмаған жерде болған.  Қаза тапқандар арасында 1990 жылы туған әйел, 1992 жылы туылған ер адам және екі бала бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр