"Бәрін тоқтаттым": Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кетті
Фото: https://www.instagram.com/aqmonshaq_nurtaza/
Желі жұлдызына айналған Астана қаласындағы №58 мектептің директоры Ақмоншақ Нұртаза оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұстаз жаңалығын жеке парақшасында жариялады.
“Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі. Келесі қадам белгісіз", – деп жазды ол.
Айта кетейік, білім беру саласының маманы Димаштың Лондондағы концертіне билет ұтып алған еді.
Ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" әніне арналған челлендж түсірген.
Директордың видеосы дәл қазір өзінің Instagram парақшасында 3,1 миллион қаралым жинап, челлендж аясында түсірілген видеолардың ішінде көш бастады.
Ақмоншақ Нұртазаның видеосы кеше Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнада көрсетілді. Ал концерттен кейін әншінің анасы Светлана Айтбаева мектеп директорына концертке билет табыс етті.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”