Барак Обама комедиялық роликке түсті
АҚШ президенті Барак Обама Өзінің Кубаға барған сапарында комедиялық роликке түсті. Оқиға желісі бойынша кубалық әртіс Луис Сильва «Касабланка» метеостансасына хабарласып, алайда қоңырауы кездейсоқ Ақүйге түсіп кетеді.

Сурет: www.kommersant.ru
Телефонмен хабарласқан ер адам тұтқаны АҚШ президентінің көтергеніне таң қалады. Зейнеткер ел президентіне кеденде кептелісте тұрып қалмас үшін көп киім алмау керектігін айтады. Сондай-ақ, ол президентті әуежайдан 1958 жылы шыққан «Шевроль» көлігімен немесе «Москвич» көлігімен күтіп ала алатынын айтып, ол көліктердің мүмкіндігін президенттің лимузиндерімен салыстырады. Тіпті, өз үйінде қонақ болып, төсегінің жартысына жатуына болатын да айта кетеді. Ал, көңіл көтергісі келсе домино ойнауды ұсынады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды