Bank RBK 2025 жылы пайда өсімі бойынша нарықтан озып, екінші деңгейлі банктер арасындағы топ-10 орнын нығайтты

2025 жылы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер рекордтық көлемде пайда тапты. Жалпы сектордың таза пайдасы 2,72 триллион теңгеге жетті. Бұл 2024 жылғы 2,56 триллион теңгемен салыстырғанда 6,6%-ға артқан. Көрсеткіш елдегі қаржы жүйесінің тұрақты дамуын және іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін айқындайды. Бұл туралы Ranking.kz агенттігі Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар ең табысты 10 банктің қатарында елеулі өзгерістер байқалды. Негізгі жаңалық Bank RBK көрсеткіштерін жақсартып, топ-10 ішіндегі орнын нығайтқан жалғыз қаржы институты болды. Банк 2024 жылғы тоғызыншы орыннан 2025 жылы сегізінші орынға көтерілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Bank RBK-ның таза пайдасы 64,1 миллиард теңге болды (2024 жылы – 56,5 миллиард теңге). Осылайша, банк пайдасы бір жыл ішінде 13,4%-ға өсіп, банк секторы бойынша орташа өсім көрсеткішінен едәуір жоғары нәтиже көрсетті.
Анықтама үшін: 2025 жылдың соңында қаржы институтының активтері 11,2%-ға артып, 2,7 триллион теңгеге жетті. Ал реттеуші меншікті капиталы 267 миллиард теңге. Жалпы алғанда, банктің жоғары қаржылық нәтижелері оның тұрақтылығын көрсетеді. Көрсеткіштер Bank RBK-ның бизнес пен халықты несиелеу көлемін арттыруға, ықтимал тәуекелдерге резерв қалыптастыруға, капиталын күшейтуге және реттеуші талаптарды толық орындауға жеткілікті ресурсы бар екенін көрсетеді.
Айта кетейік, 2025 жылы Bank RBK мемлекеттен алған қаржылай көмекті толық мерзімінен бұрын қайтарған еді. Қаржы институты 176,8 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты өтеп, банк секторын қаржылық тұрақтандыру бағдарламасына қатысуын толық аяқтады.
Аталған бағдарлама аясында 2017-2018 жылдары банк мемлекеттен 243,7 миллиард теңге алған еді. Оның 67 миллиард теңгесі 2022-2025 жылдары қайтарылса, қалған бөлігі 2025 жылы мерзімінен бұрын толық өтелді. Сонымен қатар 2017 жылдан бері Bank RBK мемлекетке 75,5 миллиард теңге көлемінде купондық сыйақы төлеген. Осылайша, бағдарлама шеңберінде мемлекетке төленген жалпы сома 319,2 миллиард теңге болды. Соның ішінде 243,7 миллиард теңге негізгі қарыз, ал 75,5 миллиард теңге сыйақы төлемдері болды.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің 2025 жылғы пайдасы бойынша топ-10 құрамында да өзгерістер болып, жетекші ондық жаңарды. Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Bereke Bank бірден он сатыға жоғарылап, тоғызыншы орынға ие болды. Банктің таза пайдасы 12 миллиард теңгеден 59,6 миллиард теңгеге дейін өсіп, шамамен 5 есеге артты. Ал оныншы орынға Банк ВТБ Қазақстан жайғасып, өз позициясын бір сатыға жақсартқан. Оның пайдасы 43 миллиард теңгеден 45,5 миллиард теңгеге дейін ұлғайып, 5,9%-ға өсті. Осылайша, 2024 жылғы топ-10 құрамында болған екі банк Еуразиялық банк (сегізінші орын) және Freedom Bank (оныншы орын) биыл үздік ондықтан шығып қалды. Анықтама үшін: 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстан екінші деңгейлі банктердің жиынтық пайдасы 198,6 миллиард теңге болды. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға төмен.
ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?