Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балам бағып жатыр": Сәбит Әбдіхалықовтың жүрегіне ота жасалды

Танымал актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықовтың денсаулығы тағы да сыр берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sabit_abdykalykov/

Актердың айтуынша, жүрек талмасына ұшыраған. 

“Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр”, – деп жазды актер. 



Сонымен қатар өнер иесі көңілін сұрап келген өнердегі әріптестеріне рақмет айтты. 

“Ота жасаған емхананың бас дәрігеріне алғыс айтамын. Арнайы көңілімді сұрап келген Мұқасан Шахзадаев, Мейрамбек Беспаев достарыма мың алғыс. Жүрегіме күрделі ота жасаған Арман бауырыма рақмет!”, – деп ризашылық білдірді өнер иесі. 

Желі қолданушылары, сүйікті актерларының тез сауығып кетуін тілеп жатыр. 

“Ауырмаңыз”, “Тездетіп аяққа тұрып кетіңіз”, “Алла амандық берсін!”, “Ұлыңыз қандай керемет адам”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, актердың әкесі дүниеден озғанын жазған едік.  

 

Талқылау