Балалар үйінде тәрбиеленген Олесяны «Ана үйі» қазақ салтымен ұзатты (фото)
Өзін аяғы ауыр кезінде жігіті тастап кеткен соң Олеся Павлодар қаласындағы «Ана үйін» пана қылған. Бұл жердегі қайырымды жандар оған қол ұшын созып ғана қоймай, өмірлік серігін кездестірген қызды қазақтың салтымен ұзатқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан төрт жыл бұрын қазіргі күйеуі Иванмен танысқан Олеся ол таңда басқа азаматпен кездесіп жүрген көрінеді. Артынша қызының аяғы ауыр екенін білген павлодарлық ізін суытып жоқ болған. Осылайша Олеся Павлодар қаласындағы «Ана үйіне» келіп, көмек сұраған. Қол ұшын созған қалалық қоғамдық қоры баласымен жалғыз қалған келіншекті құрылыс дүкеніне жұмысқа тұрғызып, тіпті ұзату тойын да жасап берген.
Олеся балалар үйінде тәрбиленгендіктен оның ұзату тойын өткізуге Павлодар қаласының «Ана үйі» қоғамдық қорының координаторы Әсел Әбішова көмектескен. Қазақи дәстүрмен ұзатылған Олесяға салт бойынша сырға салынып, беташар жасалып, тіпті қоржын әкелген екен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық