Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балақайға ізгі тілегіңді білдір: Nivea-мен бірге қамқорлық жаса!

Әркім бақытты балалық шаққа лайық! Ұлтына, дініне, сырт келбетіне және өзге де факторларға қарамастан. Алайда балалық шақтың бақытын сезінбек түгілі бір сәтке дамылдап, терең тыныстап, жәй ғана алаңсыз жымиып, табиғат аясына шығуды қалайтын балалар да бар. Олар – қатерлі ісікпен күресіп жүрген бүлдіршіндер. Әрбір күні өмір үшін күреске айналған осындай балаларға көмектесу үшін Nivea "Бірге қамқорлық жасайық" атты жаңа жоба бастады. Балақайлардың өміріндегі ең жылы естеліктер қалдырудың жолын Stan.kz тілшісі баяндап береді.

Қатерлі ісік табылған балалардың өмірі

Онкологиялық аурумен күресіп жүрген балаларға көмек көрсететін "Амила" қорының ақпаратына сүйенсек,  Қоғамда аты аталмайтын, "жаман ауру" деген сөзбен түсіндірілетін қатерлі ісік диагнозы соңғы есеп бойынша 2022 жылдың өзінде ғана 585 балаға қойылған. Олардың ішінде 39% бала қан түзуші жүйесіндегі ісік, 14% бала орталық жүйке жүйесіндегі ісік, 9% жұмсақ тіндердегі ісік, 8% ретроперитональді кеңістіктегі ісік, 6% бүйрек ісіктері бар.

Қазір қатерлі ісікке шалдыққан балалар Қазақстанның өзінде операцияға түсіп, әртүрлі ем түрлерін қабылдап жатыр. Олардың арасында жағдайы жақсарып, дертінен аздап айығып жатқан балалар да бар. Алайда дертінен айыққан бала мен оның отбасы үшін бұл қиындықтардың басы ғана болуы мүмкін. Себебі алда қоғамға бейімделу, қарапайым өмір сүруді үйрену процесстері бар. Өкінішке қарай, елімізде онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды емдеп-сауықтыру орындарына тегін жіберу мүмкіндігі жоқ. Осы іспен Nivea айналысқанды жөн көрген.

"Бірге қамқорлық жасайық!"

Алматыдағы сауда дүкендерінің бірінде "Бірге қамқорлық жасайық" деген плакатты көріп қалып, қалыс өтпей, ондағы ақпаратқа мән бердім. Плакатта кез келген адамның онкологиялық дертке шалдыққан балаларға хат жазып, ізгі тілектерімізді білдіруге болатыны көрсетілген. Біз QR-код арқылы Nivea сайтына өтіп, ол жерден балалардың тізімін тауып алып, Асланбек есімді бүлдіршінге хат жазғанды жөн көрдім. Оның мықты әрі сабырлы жан екенін есіне салып, әлі-ақ дертінен айығып биік белестерді бағындыратын азамат боларына сенетінімді жазып, қолдау көрсетуге тырыстым. Хат жазғаннан кейін сайттағы ақпаратпен толық танысып шықтым.

"NIVEA-ның кез келген өнімін сатып алу арқылы сіз онкологиямен күресіп жатқан балалардың оңалтуға көмектесесіз. Бірақ одан бөлек, сіз өз атыңыздан балаларға денсаулық пен қуаныш тілей аласыз! Дүкенде орнатылған стендте баланың атына арналған ашықхатты не сайттағы электронды форманы толтырсаңыз, сіздің тілегіңіз міндетті түрде әрбір балаға жеке жеткізіледі!", – деп жазылған компания сайтында.

Бұл балаларға не береді?

Жоғарыда айтылғандай сіз Nivea-ның кез келген өнімін сатып алу арқылы онкологиямен күресіп жүрген бүлдіршіннің оңалту орталығына баруына көмек көрсетесіз. Сіз сатып алған тауарға төлеген сомаңызды бір бөлігі 20 баланың емнен кейін сауықтыру орталығына барып, демалуына, қоғамға бейімделуіне көмегін тигізеді.

"Амила" қорының ақпаратына сүйенсек, ремиссия тек бала үшін ғана емес, оның отбасының өміріндегі маңызды кезең. Отбасы ұзақ уақыт бойы аурудан туындаған стресстің әсерін бастан кешіреді. Қоғамға психологиялық бейімделу кезінде стресстік реакциялар туындауы мүмкін.

Ал жеке баланың өзі денсаулығы мен өмірі үшін қорқып, ауруханаға қайта оралуды ойлап, сезімтал бола түседі. Балаларға режим мен диетаны сақтап, психологиялық көмек көрсету қажет. Біз айтып отырған жоба дәл мақсатқа жетуді көздейді.

Сонымен, Nivea өзінің қамқорлықпен құрылған жобасын бастайды. Алғашқы кезеңде тұтынушылар тауарды сатып алу арқылы қайырымды іске жұмсалатын қаржыны жинайды. Қаражат жиналғаннан кейін мамыр айында 20 бала сауықтыру орталықтарына барып, ем алып, демалып, жаңа достар тауып, өмірінің жаңа бір кезеңін бастан өткереді. Бұдан бөлек, осы кезге дейін олардың жанында болып, бар уақытын балама деп арнаған ата-аналары да баласын сенімді мамандарға тапсырып, бір сәтке тыныстауға мүмкін алады.

Біз не істейміз?

Жоба авторлары оны Рамазан айымен тұспа-тұс келтіруді жөн көргеніне қарағанда, осы мейірім мен шаттыққа толы кезеңде сол мейірім мен шаттықтың бір бөлігін қатерлі ісікпен күресіп жүрген балаларға бағыттауды қалаған болар. Ендеше, оларға көмектесіп көрелік! Бар болғаны өзіңізге қажетті Nivea өнімін сатып алғанда, 20 баланың өміріне естен естелік сыйлап отырғаныңызды естен шығармаңыз. Екіншіден, сілтеме арқылы Nivea сайтына кіріп немесе өз өңіріңіздегі ірі сауда орындарындағы Nivea плакаттарына кіріп, балаларға хат жазыңыз. Өз жүрегіңізді мейірімді балалардың бойына дарытып, болашаққа Nivea-мен бірге қамқорлық жасаңыз.

Талқылау