Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағымызға орай, оқ атқан жоқ": Әуежай қызметкерлері бүлікшілердің шабуылы жайлы айтты

Көшелерде әскери техниканың болуы алматылықтардың зәресін алды. Әлеуметтік желілерді қала тұрғындары түрлі болжамдарымен бөлісе бастады. Бірақ полиция тұрғындарды сабырға шақырды. Қалада әлі де антитеррористік операция жалғасып жатқандықтан, әскерилер мен арнайы техника кей жолдарға қойылған. Ал ТЖ режимі аяқталған соң, толықтай жұмысқа кіріскен Алматы әуежайының қызметкерлері тәртіпсіздіктер кезіндегі шабуыл жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Кеше түске дейін әуежай аумағына кіру шектелді. Түс ауа жолаушылар ғана емес, шығарып салушылар да ішке жіберілді. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық ішкі және халықаралық рейстер кесте бойынша ұшып жатыр. Қызметкерлер тәртіпсіздік кезінде әуежайға жасалған шабуыл хронологиясын жариялады. 

"Эвакуация басталып, борттар әуежайдан ұшпай тұрды. Әуежай аумағында 3 жолаушы ұшағы қалған. Жерге қонып, бірақ борт ашылмаған "Азиана" ұшағының жолаушылары қауіпсіздік үшін іште қалды. Сондай-ақ, "Эйр Астана" әуе компаниясының Мәскеу мен Бішкекке ұшпақ болған екі борты болды. Шамамен 300-ге жуық жолаушы бар еді", - деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабағина. 



Айтуынша, шабуыл жасағандар өте ызалы, жолда кездескеннің бәрін талқандаған. “Ондаған сауда орындарына зақым келді. Бірақ бағымызға орай, оқ атылмады”, – дейді әуежай өкілі. Еліміздегі ең ірі әуежай басшылығы келтірілген залал шығынын әлі есептеуде. 

Бұған дейін жергілікті билік өкілдері әуежайды қалыпқа келтіруге 23 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет екенін айтты. 

"Vip ғимараттың алдында тұрған автокөліктер. 8 автокөлік болды. Көліктерін тастап, ұшып кеткен жолаушылардікі. Оның барлығы өтеледі", - деді әуежай өкілі.
 

Талқылау