Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдат Мусин "Зерде" Ұлттық холдингін жабуды ұсынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат мусин "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингін жабуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зерде

Министр үкімет отырысында "Зерде" тобын қайта құру 2022 жылдың бірінші жартысында басталғанын мәлімдеді. 

"Жүйелі интегратор функциялары "Сандық үкіметті қолдау орталығына" берілді. Инновацияны дамыту бойынша бірыңғай экожүйені құру үшін "ПИТ" автономды кластерлік қоры, Astana Hub және "QazInnovations инновацияны дамыту бойынша үлттық агенттік" АҚ біріктіру ұсынылады. Алда қабылданатын шара ретінде "Зерде" холдингін жауып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тікелей басқаруына беру ұсынылады", – деді Мусин. 

Министрдің сөзінше, холдинг жобаларын іске асыру бойынша сәйкес материалдарды құзырлы органдар зерделейді. 

"Есеп комитеті холдинг құрылымының тек үш актив үшін ғана керек екенін көрсетті. Ұсынылған шаралар нәтижесінде артық басқару тізбегін жою, нақты жауапкершілік бекіту және қаржыны үнемдеу сынды оң әсерге қол жеткізіледі", – деп түйіндеді ол.

Талқылау