Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Egov пен СБЕР дауы: Бағдат Мусин халықтың көкейіндегі сұраққа жауап берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қоғамда қызу пікірталасқа түскен "Egov  жүйесі сатылады" деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

егов

"Ашық алаң" бағдарламасында министр Egov жүйесі Ресейге өтпейтінін тағы да атап өтті. 

"Халық арасында таралып жатқан қауесетке сенсек, Egov біреуге беріледі және оған қыруар қаражат құйылып жатыр екен. Egov-ты ешкімге бермейміз, ол қазақстандық өнім. Көп адам EGOV-ты бір терезе ретінде ғана түсінеді, яғни мемлекеттік қызмет алатын алаң, бірақ оның артындағы жүйенің қалай жұмыс істеп тұрғанын ешкім білмейді. Оның артында қазір 400 жүйе жұмыс істеп тұр. Оның 50 шақтысы Денсаулық министрлігіне және 40 шақтысы Қаржы министрлігіне бағынысты, солай тиесілі органдар бойынша кете береді”, – дейді Мусин.

Оның сөзінше, жаңа платформаға өту Egov жұмысын оңтайландырмақ.  

"Белгілі бір мемлекеттік қызметтің жүйесін ауыстыру үшін 1 айдан 6 айға дейін уақыт кетеді. Алайда қазір заман басқа, сәйкесінше, талапта басқаша. Осы орайда заманауи компаниялар айлап емес бір немесе екі аптаның ішінде жүйені жаңаға ауыстыруға дайын. Ендігі біздің мақсат – осыған дейін айтылған 400 жүйенің орнына бір ғана платформа құру. Ол біз үшін жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи жүйеге өту үшін қажет. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті түрге ауысуына оң әсерін тигізеді", – деп қосты ол.

Бұған қоса, министр елімізде жаңа IT жүйе құрылатынын сөз етті. 

“Біз GovTech деген жаңа эко-жүйе, платформа құрамыз. Ол жерге кез келген бағдарламашы кіріп, өз жобасын жүктеп, ұсына алады. Ол үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл отандық IT мамандарына беріліп отырған жаңа мүмкіндік. Яғни өз идеясы мен мүмкіндігін портал арқылы ұсына алады. Сол арқылы бағдарламашы пайда тапса, ал мемлекеттік қызмет жүйесі жетіле түседі. Бұны отандық IT саласындағы еркіндік деп түсіну керек. Бұл дегеніміз әрбір қазақстандық азамат ауылда, қалада жүрседе мемлекеттік қызмет пен IT саласына өз үлесін қоса алады дегенді білдіреді”, – деді Мусин. 


"Egov порталы ешкімге берілмейді": Бағдат Мусин қоғамда туындаған пікірлерге қатысты түсініктеме берді

Талқылау