БАӘ Иранға қарсы соғысқа жасырын түрде қатысты – БАҚ

Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын соққылар жасап, АҚШ пен Израильден бөлек Таяу Шығыстағы соғысқа тікелей араласқан жалғыз ел атанғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal-дың дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жарияланымда сәуір айында, яғни атысты тоқтату режимі кезінде БАӘ Парсы шығанағындағы Иранға тиесілі Лаван аралындағы мұнай өңдеу зауытына соққы жасағаны айтылды. Шабуыл салдарынан үлкен өрт шығып, зауыт қуатының едәуір бөлігі бірнеше айға істен шыққан.
Дереккөздер ол кезде бітім толық күшіне енбегенін алға тартып, осы себепті АҚШ бұл шабуылға жауап бермеген, тіпті Парсы шығанағы елдерінің, соның ішінде БАӘ-нің қақтығысқа қатысуын құптағанын да айтады.
Дереккөздің мәліметінше, БАӘ өңірде Иранның жауап соққыларынан кейін "неғұрлым қақтығысты ұстанымға" көшкен. Сонымен қатар қақтығыс кезінде АҚШ пен Әмірліктер арасындағы әскери ынтымақтастық жалғасқан.
БАӘ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Лаван аралындағы ықтимал соққыға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Алайда бұған дейінгі ресми мәлімдемелерге сілтеме жасап, Абу-Даби дұшпандық әрекеттерге, соның ішінде әскери жолмен жауап беру құқығын сақтайтынын айтқан. Пентагон да бұл мәселеге түсініктеме беруден бас тартқан.
WSJ есебіне сәйкес, соғыс басталғалы бері Иран БАӘ аумағына жалпы саны 2800 дрон мен зымыранмен шабуыл жасаған. Бұл көрсеткіш басқа кез келген елге, соның ішінде Израильге жасалған шабуылдардан да көп болған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?