Бүркіт інісі Әлимен бірге желіде жыр байқауын ұйымдастырды (фото)
Бүркіт өзінің інісі әрі сахналасы Әли Жансейітпен бірге желіде байқау ұйымдастырды. Әнші өзінің жаңа бейнебаянының мағынасын ашатын өлең шумақтарын жазған адамға ақшалай сыйлық ұсынбақ, деп хабарлады Stan.kz.

Жуырда Бүркіт пен Әлидің «Жалған махаббат» атты бейнебаяны жарық көрген еді. Осылайша Бүркіт өзінің туған інісі Әлиді шоу-бизнес әлеміне алып келді. Енді қос әнші аталмыш бейнебаянға қатысты байқау ұйымдастырды. Ол үшін қатысушылар кем дегенде 4 жолдан тұратын жыр шумақтарын жазуы тиіс.
«Өлең қазақ, орыс тілінде қабылданады. Басқа да авторлардың өлең шумақтарын қолдануға рұқсат етіледі», – делінген байқау туралы анықтамада. Байқау 15 қарашаға дейін жалғасады.
Жіберіп алмаңыз:
Режиссер Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова бірігіп кино түсіруге кірісті
БАҚ-қа шолу. Әли Оқапов әскерге бару үшін комиссариатқа өтінішпен барған
Аша Матай тұңғышын дүниеге әкелді
Сахналық әріптесі Серікбол Сайлаубектің қолын сындырды
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"