Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіттің фильмінде басты рөлді сомдаған актрисалар түсірілім кезінде жанжал шығарған

Бүркіт кинопродюсер әрі режиссер ретінде, дебюттік картинасын көрермен талқысына салды. Көпті, «Апанның» прокаттағы тағдырынан гөрі, басты рөлдегі екі сылқымның неге тіл табыса алмағандығы толғындырғандай. Бұған дейін, Айым Алтынбекова Айлин Елеукенмен жанжалдасып қалғанын айтқан-ды. Даудың неден басталғаны анықталды.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Кинода құрбыларды сомдайтын Айым мен Айлиннің ортасын қандай «қара мысықтың» кесіп өткені көпке қызық. Сөйтсек, бойжеткендер тұрмыстық заттарды бөлісе алмай жүз шайысып қалған екен.

“Қыздар арасында ондай болып тұрады. Екеуміз бір бөлмеде тұрдық, арамызда түсінбеушілік болып қалды. Бірақ, кешірімді адамбыз ғой, бір-бірімізден кешірім сұрап, барлығы дұрыс”, – дейді Айым Алтынбекова.

Кіл жас әрі танылып үлгермеген актерлық құрамға, бұл кикілжің кері әсерін тигізбей қоймаған.

“Әрине әсер етеді. Өйткені, бірінші кезекте ұйымшыл болу керекпіз”, – дейді актер Бауыржан Сатов.

Бүркіт тырнақалды туындысының прокаттағы табысы қандай боларын күтпестен, тағы бір картина таспалаудың қамына кіріскен. Дебюттік жұмысы үшін азды-көпті сын естіген әнші, кері пікірлерге деген иммунитетінің берік екенін шегелеп айтты.

“Дайынбыз ғой біз, сахнада жүргенімізге он бес жыл болды ғой. Естіп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан да, бәрі жақсы болсын”, – дейді Бүркіт.

«Бәрі жақсы болды» деп қолдау білдірді үзеңгілестері. Олар Бүркіттің режиссерлігіне де, жас әртістердің шеберлігіне де күмән келтірмеуде.

“Комедияны, драманы көріп үйреніп қалғанбыз ғой. Біреу түсінуі мүмкін, біреу түсінбеуі мүмкін”, – дейді актриса Анар Батырхан.

“Қорқынышты, сондай бір әсер алдым. Жақсы, өте жақсы шыққан”, – дейді сәнбике Айдай Исаева.

“Көңілімнен шықты. Актерларды күшті жинады бәрін”, – дейді Кентал. Фильм қазіргі уақытта үлкен экрандардан көрсетілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан екінші клиптен кейін тойға сұраныстың азайып қалғанын айтты

Әнші боп туған жоқпын: Роза Рымбаева күйеуімен бірге қандай жұмыстар істегенін айтты

Аша Матай көлігінің VIP номерін қыруар қаржыға сатып алғанын айтып мақтанды

Динара Қырықбаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Талқылау