Өзбекстан құрамасы футболдан Азия чемпионатының ширек финалына өтті
Катарда өтіп жатқан Азия кубогында 1/8 финалында Өзбекстан құрамасы Таиланд командасын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: championat.asia
37-минутта Азизбек Тұрғынбоев, 65-минутта Аббос Файзуллаев қарсы командаға гол соғып, өз құрамасының ширек финалға шығуына мүмкіндік жасады.
Енді Өзбекстан футболшылары ширек финалда жарыс қожайындары Қатар командасына қарсы ойнайды. Катар құрамасы 1/8 финалда Палестинаны 2:1 есебімен ұтқан. Өзбекстан мен Катар құрамаларының арасындағы ойын 2 ақпан күні өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін, қазақстандық боксшы қыздың өз мансабын не себепті тоқтатқанын жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады