"Азия дауысы" жобасының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды
Қазақстандағы алғашқы музыкалық теледидардың негізін қалаушылардың бірі Мұрат Әжімұлы Ерғалиев өмірден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұрат Ерғалиев "Азия дауысы" фестивалінің, "Жас қанат" конкурсының және көптеген музыкалық тележобалардың ұйымдастырушысы әрі жетекшісі еді.
Өлімінің себебі - коронавирус инфекциясы.
Мұрат Ерғалиев - режиссер Александр Пономаревпен бірге бірегей, жаңа, музыкалық тележобалар жасаған аңыз адам. Олар әлемдік аренаға батыл әрі нық қадаммен шыққан тұлғалардың бірегейі. "Сәлем, достар", "Алма-Ата достарын қарсы алады"," Азия Дауысы", "Жас Қанат" сынды халық сүйіспеншілігіне ие болған көптеген жобалар жасаған еді.
Stan.kz ұжымы Мұрат Ерғалиевтің отбасына қайғырып көңіл айтады!
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады