Азия чемпионы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына лауазымды қызметке тағайындалды
Ауыр атлетикадан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Мадина Астамирова Қазақстан ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/wf_rk
Бұл ақпаратпен ауыр атлетика федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
Астамирова бұған дейін де федерацияның құрамында болған еді. Ол 2023 жылдан бері бас хатшы қызметін атқарған.
Мадина Астамирова – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордсмені. Ол 2010 жылы қыздар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2011 жылы қыздар арасында Азия чемпионы.
Сондай-ақ спортшы 2009-2013 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының және 2012-2014 жылдары Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының мүшесі болды.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"

