Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ажырасып кеттім": Атышулы Замира Сұлтан екінші күйеуімен соттаспақ

Отандық телеарнадағы "Қалаулым" жобасы арқылы танылған Замира Сұлтан тағы да әлеуметтік желідегі жұрттың назарында. Бұл жолы атышулы әйел азаматтық некедегі күйеуімен ажырасқанын жазған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Тікелей эфирге шықсам болды, екінің бірі «байың қайда» дейді. Шынымды айтсам, шаршадым! Ажырасып кеттім, оны кешірмедім, бөлек тұрады, қайда екенін білмеймін. Иә, басында жалғыз қиын болды, депрессияға түстім, қатты жыладым, өзімді осы өмірде жалғыз қалғандай, осымен өмір тоқтап қалғандай қатты қиналып жыладым. Бірақ, сонда да кешіре алмадым. Мүгедек болмастан бұрын қояйын дедім. Айтпақшы, ісіміз сотқа кетіп қалыпты, жақында сот болады.

Өмірім алда, әлі-ақ бақытты болып кетемін, Алла бұйыртса. Бірінші тамыздан бері жаңа өмір бастадым. Болашақ жарымды белсенді түрде іздеудемін", - дейді Замира.

Бүгінде азаматтық некедегі экс-жұбайлардың ісін құзырлы орган өкілдері қадағалауда екен. Дәл осы посттан соң оны оқырмандары сансыз сұрақтың астына алды. Олар екі жастың ажырасу себебін сұрауда. Замираның айтуынша, ортадағы жанжалдың туындауына ішімдік әсер еткен екен. Тіпті, бұрынғы жолдасы оған пышақ кезегенін де жасырмады. Тағдырдың тәлкегіне түскен танымал бикешті инстаграм қолданушылары жақтап та, даттап та түрлі пікір жазуда.

"Сенімен кім болса да пышақтасады. Сен қауіпті қатынсың. Бейшараны соттатпасаң болғаны. Алла аяғыңды аспаннан келтірмей тұрғанда тәубеге кел, сіңілім!», «Дұрыс жасадыңыз! Өміріңіз әлі алда. Күшті жігіт табасыз", "Еркек ұрса, демек жақсы көреді. Ажыраспа. Бойыңызда қызба мінез бар. Кешірімді болу керек", "Дұрыс! Бай табылар. Осы күн де артта қалар, бақытты болыңыз!" - дейді әлеуметтік желідегі оқырмандары.  

Айта кетейік, Замира Сұлтанның бірінші күйеуімен де дәм-тұзы жараспаған. Қазіргі таңда олардың ортақ некесінен екі баласы өсіп келеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр