"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының жаңа басшысы тағайындалды
Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ұжымына Басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Ол - Сүйеніш Әбділдин. Бұған дейін ол Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған, деп хабарланды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еңбек жолын 2011 жылдың қазан айында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да жетекші маман болып бастады. 2012-2013 жылдары "ЭПАМ Қазақстан" ЖШС-да бизнес-талдаушы қызметін атқарған. 2014 жылдан 2018 жылға дейін "Қазпочта" АҚ-да бірнеше лауазымда, одан кейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде кеңесші қызметін атқарды.
Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарларын тағайындады
2020 жылдың қазан айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мұнда ол фронт-офистерді үйлестіру, сапаны бақылау, бірыңғай байланыс орталығы және мемлекеттік корпорацияның IT саласына жетекшілік етті.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”