AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азаматтардың құпия ақпараты сыртқа таралып кетпейді: Халық санағы қалай жүргізілетінін Статистика департаменті айтты

Қазақстан Республикасының ұлттық санағын өткізуге байланысты азаматтар сұхбат алушылардың үйлеріне келген кезде жеке деректерінің құпиялылығы, сондай-ақ, жеке қауіпсіздігі туралы алаңдайды, деп хабарлайды Vecher.kz басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сұхбат алушыда тиісті мөрмен расталған куәлік, мобильді қосымшасы бар планшет, сондай-ақ, Ұлттық санақ-2021 таңбасы бар шарф пен портфелі болады. Сұхбат алушы туралы қосымша ақпаратты www.sanaq.gov.kz сайтынан қарауға болады. Онда республика бойынша сұхбат алушының аты-жөні, куәлік нөмірі жазылады”, – деді Алматы қаласының статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін тегін телефон анықтамасы 1446 жұмыс істейді. Бұл нөмір бойынша өз өңіріңізге байланысты санақ жұмыстарына қатысты кез келген сұрақ қоюға болады. 


Қазақстанда халық санағын жүргізетіндерге төленетін жалақы мөлшері белгілі болды 


ҚР Мемлекеттік статистика туралы Заңының 21-бап. 4 тармағына сәйкес ұлттық санақтар барысында алынған барлық мәліметтер Бастапқы статистикалық деректерге жатады және жеке, заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.

Белгілі болғандай, санақ жұмыстарын жүзеге асыратын қызметкерлер құпия ақпаратты жарияламау бойынша құжаттарға қол қойған әрі мәліметтердің құпиялылығы үшін толықтай жауапты болады. 

Респонденттерден алынған ақпарат еш жерде жарияланбайды,  алынған деректер шифрланады және арнайы кодпен ҚР Ұлттық статистика бюросының серверіне келіп түседі. Осының арқасында респонденттердің жеке деректері құпия болып қалады. Санақтың дерекқорынан белгілі бір аймақтағы халықтың саны, жынысы, жасы, тұрғылықты жері туралы жалпы ақпарат алынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр