AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі: Түбінде ақиқат белгілі болады

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова күйеуімен ажырасып кеткені белгілі. Актриса некенің бұзылғанына енесін кінәлады. Ал жолдасы Қыран Талаппектің өз уәжі бар. 

“Өмірде ақ пен қара, бақ пен жала, шындық пен жалған қатар жүреді екен. Жас кезінде адамның шашы қара түсті болса, есейе келе ақ шаш басым болады. Мұның өзі түбінде ақтың, ақиқаттың жеңетінін көрсетіп тұр.

Ақиқат пен көзбояушылықтың, трасса мен орманның, шындық пен өтіріктің, тау тас пен өзеннің ортасында адасып, өмірдің сіз күтпеген бұрылысынан тура жолмен өтем десеңіз Land Cruiser 300 мініп алыңыз”, – деп жазды Қыран Талапбек парақшасында

Дизайнер жаңа көлігін көрсетіп көпшілікті қызықтырып қойды. Алайда желі қолданушылары ұлы мен әйеліне қарайласпаған жас әкені сынға алды. 

“Ұлыңды іздемейсің бе? Тым болмаса, қарайласып жүрсің бе?”, “Ер азаматтарға бәрібір ғой, біреудің өмірі туралы сөз болып жатса, көлік жайында айтып жүр”, “Әркімнің өз шындығы бар, мүмкін оның кінәсі жоқ шығар”, “Кінә екі жақтан болады”, “Неге ақталмады? Ұлын тастап кеткені болмады”, “Жүкті кезінде ажырасқаны болмады, өзі білмесе де, енесі түсіну керек еді”, – деп жазды желідегілер. 

Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Жақында ана атанып, ұлын өмірге әкелді. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр