Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Нұрмағамбетова: Лидо мен 91 тобының стилі ұнайды

Әнші Айжан Нұрмағамбетова жастардың стилін үнемі қолдайды. Қазақтың "Леди Гагасы" атанған әнші жастардың ішінде Лидо мен 91 тобынының талғамын жоғары бағалайтынын жеткізді. Олардың әні мен стилін ұнатады. 

Бұл туралы "Ревю" арнасында айтылды. 

Айжан Нұрмағамбетова ерекше стилімен дараланады. Заманға сай киініп жүретін әнші күнделікті киетін киімдерді сатып алса, сахнадағы көйлектерін тек тапсырыспен тіккізеді екен.

"Мен өмірде киіп жүрген киімдерді дүкеннен сатып аламын. Сахнаға киетін костюмдерді тіккіземін. Менің стилисім жоқ. Бәрі өзімнің талғамыммен жасалады. Ерекше образды қалыптастырған - менің анам. Анам себепкер болып, мен ерекше стильді киімдер киюді үйрендім", - деді Нұрмағамбетова. 



Айжан ханым сахнада 40 жыл жүрсе де, екі ғана бейнебаяны барын айтты. Десек те репертуарындағы әндер бейнебаяндарына қарағанда көбірек екен.  

"Карантинге байланысты ән жазып, концерт бере алмадық. Сондықтан қазір осы жолда жұмыс істеп жатырмыз. Маған бірнеше сазгер әнін тарту етті. Қырық жыл жүрсем де, екі ғана бейнебаяным бар екен. Қаражат тапшылығы болып тұр. Демеушілерді іздеп жатырмыз", - деді Айжан ханым. 

Айжан Нұрмағамбетова жастар арасында әнші Лидо мен 91 тобын ерекше жақсы көреді. Олардың стилін ұнатады. 

Айжан Нұрмағамбетова карантин кезінде азық-түлік тасып, қайырымдылықпен айналысқанын жеткізді. Бұл әрекеті көпке үлгі болды дейді өзі. 

"Карантинде халыққа азық-түлік бердік. Үйде жатпай жұмыс істедік. Ауру жұғып кете ме деп қорықпадық. Кейбіреулер жылап, алғысын айтты. 90-ға толған қария туған күніне шақырды. Мені жақсы көретінін айтты. Осылайша көпшіліктен бата алдық", - деді әнші. 

Талқылау