Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Байзақова анасына қымбат көлік сыйлады

Атышулы блогер Айжан Байзақова бауырымен бірге анасына қымбат көлік сыйлады, деп жазады Stan.kz.

58 жасқа толған Айжанның анасы бұл қуанышымен Instagram-да бөлісті. Айтпақшы, блогер ананы желіде 187 мың адам оқитынын айта кетейік.

"Сүйікті өзімнің туған күнім құтты болсын. Жас – бар болғаны сан, менің өмірім енді басталуда. 58 жасымда қандай бақытты және сұлу екенімді түсініп тұрмын. Құттықтауларыңызға рақмет.

Енді менің көлігім бар. Балаларыма рақмет", – деп қуанышты сәтінің кадрларын жариялады ол.

Желі қолданушыларының бір тобы ханымды құттықтап, жылы лебіздерін жаудырса, екіншілері қызы Айжанның теріс қылықтарын бетіне басуда.

“Ақыл мен еңбектің емес, ұят, антиқазақша, антиәлеуметтік қылықтар жасап, балағат пен жалаңаш суреттерді жариялап, майбахқа ақша табатын кез де келді. Ал ата-ана бақытты және риза”, – дейді Лера Дакота есімді оқырман. 

“Осындай қыз тәрбиелеп, бұл өмірде үлкен жетістікке жеттіңіз”, – деп керісінше жылы лебізін білдірді Жанар есімді инста-қолданушы.


Айжан Байзақова баласының әкесімен айырылысты


Айта кетейік, Айжан Байзақова бұрын берген сұхбаттарының бірінде анасының қаталдығы туралы айтқан. Жалаңаш суреттерімен танылған блогер бір кездері анасымен жігіт туралы сөйлесе алмапты.

"Шымкенттің қазағы. Үйде ол, тіпті орыс тілінде сөйлеуге рұқсат бермейді. Мен оған жүктілік түгілі, жігіт туралы айтуға қорқатынмын. 
Анама жүкті екенімді айтарда алдында отырып қатты жыладым. Осы сәтте ол біреу өліп қалды немесе мен қатерлі дертке шалдықты деп ойлап қалған екен", – деген еді Айжан.

Бұдан бөлек, Айжан анасының көп қиналғанын айтқан еді. 

Талқылау