Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын желі қолданушыларын «алдады»

Иә, жұртқа күлкі сыйлағанды ұнататын әнші жігіт бұл жолы халы0ты алдады. Анығында, алдаған жоқ, тек халықтың қиялындағы арманына бір сәтке «қанат бітірді». Қалжыңдады.

u1W37K3q9zc
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Айқын өзінің Инстаграмдағы парақшасында бұл жазбаны соңына дейін оқуға кеңес берді. Ендеше сіз де мұқият оқыңыз!

«Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мұғалімдер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айлық жалақысы еңбек өтілі мен атқарған қызметіне қарай 340 мың теңгеге дейін көтеріледі», – деп хабарланды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында. Біз мұндай қадамға «100 қадам» стратегиясы аясында антидағдарыстық бағдарламаны қабылдау арқылы барып отырмыз.

Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі 2018 жылға дейін әр қазақстандыққа 7 жылға дейін сатуға болмайтын, үй құрылысын жүргізуге 10 соттық жерден бөліп бермек» деген хабар қашан келеді екен?» – деп жазған Айқын.

Читать до конца😅😅😅

Фото опубликовано Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Желі қолданушылары жазбаны оқып отырған сәтте қатты қуанғандарын, алайда қалжың екенін білгенде көңіл-күйлері күрт түсіп кеткендерін мәлімдеген.

Әйгерім есімді желі қолданушысы: «Мен қуанып отырсам айлығым 340 мың бола ма деп… Армандауға болмай ма деген пост қой», – деп жазыпты.

Әйгерімнің сөзінің жаны бар. Мұндай жалақы мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлердің арманында ғана. Әрине, өкінішті! Болашақ ұрпақты тәрбиелеп және ел тыныштығын сақтауға атсалысып жүрген жандар еңбегіне қарай бағаланса, ел қуанбаса, ренжімес еді!

Ал Айқын осылайша әлеуметтік мәселелерден де хабардар екендігін көрсетіп, «біздің әншілер ән айтқаннан басқа ештеңені білмейді» деген пікірді теріске шығарды. Жарайсың, Айқын! Бәлкім ел тізгінін ұстаған азаматтар сенің жазбаңды оқып, сәл де болсын бұл мәселе жайында ойланар!

 

Жіберіп алмаңыз: 

Айқын Төлепберген тәртіп сақшыларын әжуалады

Айқын келіншегінің өмірлік сырласына айналғанын айтып, оған ән арнады (фото, видео)

Әйеліне қымбат жүзік сыйлаған Айқынды жұрт шалыс басты деп болжады

Айқын Төлепберген Швейцарияға оқуға кетпек

Талқылау