Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйеліңіз мәйітханада деді": Солтүстік Қазақстан облысында босанған әйел түсініксіз жағдайда көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов босанған әйелдің оғаш жағдайда қайтыс болғаны туралы басылымға қатысты пікір білдірді. Жазба оның Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болды.

"Науқас Әйгерім Қазезованың қайтыс болғаны туралы мақаланы оқыдым. Отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл өте ауыр жағдай. Тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, арнайы комиссия құрылып, егжей-тегжейлі, жан-жақты тексеру жүргізіледі. Егер факт расталса, кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады, қызметінен босатылады", – деп жазды Құмар Ақсақалов.

Әйелдің өлімі туралы "Время" газеті жариялады.

Үлкен жүзім ауылының 34 жастағы тұрғыны Әйгерім Қазезова бесінші баласын дүниеге әкелмек болған, бірақ ол ауруханадан сол қалпы оралмады. Қайғылы оқиға 2021 жылдың тамыз айында болды. Қазір әжесі 5 баланы бағып отыр, ал күйеуі отбасын асырау үшін жұмыс істеп жүр.

Сағдат Қазезовтың айтуынша, әйелі алдымен аудандық ауруханада жатқан. Содан кейін ол үйге шығарылды, ал келесі күні ол жөтеле бастайды. Күйеуі әйелін қайтадан медициналық мекемеге апарды. Ал кешке Әйгерімді жүктіліктің толық 36 аптасы кезінде коронавирустың ПТР оң нәтижесімен Петропавлға жеткізеді. Оған бірден кесарь тілігі жасалды. 5 тамызда қызы дүниеге келді, әйел облыстық ауруханада қалды.

“Мен әйелімді көре алмадым. Дәрігерлер жаңалықты айтып отырды, олар тіпті кесареводан кейін сөйлескенін, анасының қызы туралы сұрағанын айтты. Сосын оның жағдайы нашарлап, пневмонияғаға ұласты, оны жасанды тыныс алу аппаратына ауыстырды.

22 тамыз күні мен де қалада болдым.Сағат 12:00-де жансақтау бөліміне хабарласып, әйелімнің хал-жағдайын сұрадым. Олар маған жауап берді: бәрі тұрақты деді. Мен үйге қайттым. Ауылға жеткенімде аудандық ауруханадан телефон соғып: "Сіздің әйеліңіз біздің мәйітханада жатыр, оны алып кетіңіз" деді. Мен есеңгіреп қалдым. Олар оны маған пленкаға орап беріп, ашуға рұқсат етпеді", – деп есіне алды ер адам.

Кейін белгілі болғандай, ресми құжаттар бойынша Әйгерімнің қайтыс болған күні 2021 жылдың 22 қыркүйегінде тіркелген. Оған өлімді тіркеу кітабындағы жазба дәлел болады. Бұл босанған әйелдің қайтыс болуынан тура бір айға кеш. Туыстарының әлі күнге дейін әйелдің өлімінің мән-жайы мен құжаттардағы сәйкессіздіктерге қатысты жайттарды түсінбей дал.

Талқылау