Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімен ажырасып кеткен Дидар Кәден жаңа ғашығын жолықтырғанын айтты

Жас әнші, блогер, сазгер Дидар Кәден ғашығын жолықтырды. Әнші бірінші некесі сәтсіз аяқталғанымен бақытын іздеуден жалықпады. Бойдақ жігіт тойдың ауылы алыс емес екенін айтып жаңалығын бөлісті.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды. 

Дидар Кәден атақты актриса Лидия Кәденованың ұлы. Бірінші некесі сәтсіз болып, жұбайы екеуі екі жаққа кеткен еді. Ол некеден Дияр атты ұлы бар. 

"Мен 2015 жылы әншіліктен кеткен адаммын. Мемлекеттік жұмысқа кеттім. Ағаларыма көмекші болдым. Қазір қайта ән жазып жүрмін. Әннің сөзін, әуенін жазамын, өңдеуін жасаймын. Той басқарамын. Концерттік бағдарлама жүргіземін. Қазір көп той жоқ. Қаланың сыртында шағын адаммен ғана өтетін тойларға шақырту түсіп жатыр", - деді Кәден.

Дидар Кәден Kesh You тобы үшін екі ән, Alem Band тобы үшін жаңа әндер жазғанын айтады. Айтуынша, көбінесе жастардан тапсырыс көп түседі екен. 

Дидар Кәденнің өзі де, ұлы да инста әлемінде танымал. Блогерлікпен айналысқан үлкені де, кішісі де көрерменге көз таныс. 

"Ұлым есін білгелі блогерлікті көріп келе жатыр. Анасы да блогер, мен де. Сондықтан оған оңай болған шығар. Бұрын камера алдында сөйлей алмайтын. Қазір еркін көсілетін болыпты", - деді ол.

Дидар Кәден желіде жаңа ғашығы екеуінің бірге түскен суретін жариялап, жеке өмірі жайлы сырды ашты. Бүгінде оқырманына сүйіктісі жайлы ашық айтып жүр. 

"Сүйіктімді жолықтырдым. 1996 жылы туған қыз. Биші қыз. Мемлекетік қызметте. Жақында карантин бітсе, тойдың ауылы алыс емес. Бәрі карантинге байланысты", - деді әнші. 

Айта кетейік, Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың дүбірлі тойы 2015 жылдың қарашасында Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өткен еді. Олар араға бір жарым жыл салып ажырасып кетті. 

Талқылау