Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдер мен ерлер миының айырмашылығы: 5 қызықты дерек

Жақында ғалымдар көлемді зерттеу жүргізіп аяқтады. Онда әйелдер миының есте сақтау тұрғысынан еркектерден алда екені және әйел мен ер миының әртүрлі қартаятыны анықталған.

9ed607280ea719ca9b9ebd56757718e0

Фото: MATT CARDY/GETTY IMAGES

Осы ретте әйелдер мен ер адамдар миының бес айырмашылығы туралы баяндаймыз.

Әйелдердің есте сақтау қабілеті жоғары.

Neurology журналында жарияланған зерттеу қорытындысы бойынша, әйелдердің есте сақтау қабілеті жоғары екендігі айтылған.

Әйелдердің ауызша есте сақтау қабілетінің арқасында ұзақ уақытқа созылған ми белсенділігінің төмендеуін қалпына келтіруге болады. Сол себепті Альцгеймер ауруын әйелдерде бастапқы кезеңде анықтау қиынға соғады.

Әйел миы көп сығымдалады.

Ғалымдар 34-43 жас аралығындағы адамдар тобымен жұмыс істеп, зерттеу басында әйелдер миының ерлерге қарағанда кішірейгенін анықтаған. Бұл зерттеуді егде адамдарға жасағанда да осы нәтижені көрсеткен.

Бірақ еркектердің миы әртүрлі аумағынан сығымдалуға ұшырайды.

Рас, әйелдерде мидың басым бөлігі кішірейіп кетеді. Алайда айырмашылық сығымдалудың нақты қай жерде болатындығында. Ерлерле бұл процес эмоцинальды, танымдық және тұлғалық функцияны атқарып тұратын маңдай мен самай бөліктерінде орын алады екен.

Сығымдалу аумақтары аурудың пайда болуына әсер етеді.

Сығымдалу қай жерде болмасын басталса онда әйелдердің Альцгеймер, ал ерлердің Паркинсон ауруына ұшырау ықтималдылығы жоғарылайды.

Эстроген әйелдерді ерлермен теңестіреді.

Етеккір үзілісі кезінде эстроген деңгейінің күрт түсіп кетуі есте сақтау қабілетін жоғалтуға әкеп соғады. “Көп әйелдердің бізге айтуы бойынша, олар етеккір үзілісі кезінде өздерін құдды тұманда жүргендей сезінеді екен”, – дейді ғалым Дорен Рентц.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер бұдан былай барлық жастағы адамдарға тіс өсіруді ойлап тапты

Елордада сал ауруына шалдыққан төрт бала жүре бастады

Ғалымдар: оптимист әйелдер ұзағырақ өмір сүреді

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Талқылау