Әйел тіс дәрігерінің бөлмесіне кіріп, науқастың 13 тісін жұлып алды
АҚШ-тағы Невада штатының тұрғыны тіс дәрігерінің кеңсесіне кіріп, ақша ұрлап, науқастың 13 тісін жұлып алғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Indepndent басылымына сілтеп хабарлайды.

Стоматологиялық емхананың бұрынғы қызметкері 42 жастағы Лорел Эйк науқастың 13 тісін жұлып алған. Оқиғаны әйелдің өзі полицияға айтып берді. Ол ауырсынуды басатын құрал қолданғанын атап өтті.
Келесі күні әйел емхана ғимаратына тағы кіріп, 22 800 доллар (9,7 миллион теңге) ұрлап кеткен.
Полиция оқиға орнына жеткенде, терезе сынған және есік ашық болған.
Полиция екі факті нәтижесінді Лорелді ұрлық, қылмыстық қастандық, ірі тонау және лицензиясыз хирургиялық ем-дом жасады деп айыптады. Оның тістерді неге жұлып алғаны белгісіз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар