Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел талып қалған": Air Astana жолаушылары 1,5 сағат борттан шыға алмаған

Air Astana рейсінің жолаушылары Алматы әуежайына қонғаннан кейін ұшақ бортынан шыға алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

эйр астана

Фото: Air Astana

Айтуларынша, бортта жолаушыларды қамап қойған.

"2 маусымда Air Astana әуекомпаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша FlyArystan лоукостер әуекомпаниясының KS 7332 рейсін орындады. Ұшақ кешігіп, Алматыға 19:30-да жетті. Ұшақ тұраққа келгеннен кейін экипаж жолаушыларды түсіру үшін трапты күтті. Әуежайға келетін рейстер көп болғандықтан трап келіп болмады", – деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Ұшақта кондиционер істемеген, салдарынан бір әйел ауырып қалған. Оған су мен оттегі баллоны беріліпті.

"Бірнеше адам ұшақтың есігін ашпақ болған. Экипаж мүшелері қауіпсіздік ережелері бойынша құлап қалмас үшін трап келгенге дейін есіктерді ашуға болмайтынын түсіндірді. Алайда жолаушылардың бірі ескертулерге қарамастан, қорғаныс қақпағын жұлқылап, есік тұтқасын тартқан", – делінген хабарламада.

20:15-те трап та, полиция қызметкерлері де келген.

Блогер Тәңірберген Бердоңғар жолаушылардың ауасыз, жарық жоқ жабық жерде 1,5 сағат отырғанын, балалар жылап, тіпті бір әйел есінен танып қалғанын жазды. Олар дереу полицияға арыз жазуды шешкен.

Талқылау