Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел өзінің жүктілігін білген күні босанған

Канаданың Саскачеан елді мекені, Спалдинг ауылының тұрғыны өзінің аяғының ауыр екенін білген күні босанған. Бұл туралы Канаданың хабар тарату корпорациясының (CBC) сайты хабарлайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рэйлинн Куэйли оны бірнеше күн бойы мазалап жүрген іштің құрысып ауруы пайда болған кезде, ол азық-түлік дүкенінде жұмыста болған. Әйел жылдам өзінің күйеуі Гленн Куэйли-ге қоңырау шалады. 

Гленн егер жағдай айтарлыктай алаңдатарлық болмаса әйелінің жұмыстан үйге қоңырау шалмайтынын түсініп, тез арада оның жұмыс орнына келіп, әйелін ауруханаға жеткізеді. Ер адам әйелінің денсаулығына байланысты мәселелерді тез арада анықтап, кешке қарай үйге ораламыз деп ойлаған.

Бірақ дәрігер Рэйлиннің жүкті екенін хабарлайды. Баланың жүрек соғысы естілгендіктен, жүктілік мерзімі кемінде үш айды құраған. "Менің әйеліме қарап: "Құдай-ау, біз бұл туралы 12 апта бойы қалай білмедік?" дегенім есімде", – деп еске алады Гленн.

Әйелдің қан қысымы жоғары болғандықтан, оны дереу жедел жәрдеммен Саскатунға жөнелтеді. Ультрадыбыс Рэйлиннің жүктіліктің 34 аптасында екенін көрсетеді (жүктіліктің орташа ұзақтығы – шамамен 38 апта "Лента.ру").

Әйел іш ауруларынан басқа, алдыңғы сегіз айда жүктіліктің бірде-бір симптомы болмағанын айтады. Оның және күйеуі Гленнің Ева есімді бес жасар қызы бар. "Өзімнің осыншалықты ұзақ мерзімде болғанымды білу нағыз таң қаларлық жайт болды", – дейді әйел.

Дәрігерлер дереу кесар тілігін жасау шешімін қабылдайды. Алғаш ауруханаға барғаннан кейін алты сағат өткен соң, 30 минуттың ішінде Рэйлин мен Глен екінші қыздарын құшақтарына алады. 

Алайда баланың денсаулығына байланысты кінәраттар болады: жүректің ұлғаюы, өкпеде сұйықтықтың болуы және бүйректің жұмыс істемеуі.

Босанғаннан бірнеше күн өткен соң нәрестенің миына қан құйыла бастайды, қазіргі таңда ол әлі де емделіп жатыр. Сірә, жаңа туған нәрестеге церебралды сал ауруы диагнозы қойылатынға ұқсайды. 

Ерлі-зайыптылар қыздарына Алиса Линда Куэйли есімін берген. Анасы қызды қолына алғаш рет босанғаннан кейін 16 күн өткен соң ғана ала алды. 

Талқылау