Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел кездейсоқ себеппен қате түймені басып, 10 миллион доллар ұтып алды

Американың Калифорния штатындағы Тарзан қаласында әйел кездейсоқ жағдайда 10 миллион доллар ұтып алды. Ол өзін өтіп бара жатқан ер адам оны итеріп жіберген сәтте лотерея машинасының дұрыс емес түймесін басып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ABC7 арнасына сілтеме жасай отырып.

Супермаркеттердің бірінде Лацедра Эдвардс scratches аппаратына 40 доллар салып, әдеттегідей бірнеше қымбат емес билеттер сатып алмақшы болады. Алайда, бейтаныс адам оны қағып кетіп, әйелдің 30 долларлық билетті таңдауына себепші болады. 

Әйелдің айтуынша, ол өзінен кешірім сұрамастан сыртқа шығып кеткен ер адамның әрекетімен қатар ақшасының үштен бір бөлігін бір ғана билетке жұмсағаныны ызалы болған. 

Эдвардс көлігіне оралып, билеттің қорғаныс қабатын өшіріп қараса лотереяның бас жүлдесі - 10 миллион доллар ұтып алғанын көрген. 

"Басында мен бұған сенбедім. Жолға шыққаннан кейін екі көзім билетте болды. Тіпті көлігіммен соғыла жаздадым. Кейін тоқтап, оны қайтадан қарадым. Содан кейін California Lottery Mobile қосымшасы арқылы билетті сканерлеп көріп, көзімді жеткіздім. Сонда да “бұл мүмкін емес” деген ойда болдым", - дейді әйел.

Америкалық ақыры жеңгенін түсінген кезде "болды енді мен баймын" деп айтқан. Оның айтуынша, ол әлі күнге дейін өзінің ұтысына таң қалады. 

Енді Эдвардс ұтыстарын үй сатып алу және коммерциялық емес ұйым құру үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, жеңімпаз билет сатып алынған супермаркет 50 000 доллар бонус алған. 

Талқылау