Айдана Меденова кәсіпкерлікті қолға алды
Қазақстандық жұлдыздардың дені қосымша кәсіп ашып алуды қолға алуда. Мысалға, жақында ғана «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова Алматыда сұлулық салонын ашқаны жайлы хабарлады.

Бұл туралы Еxpress-k басылымы жазған.
Меденованың Инстаграм желісіндегі жазылушыларының саны миллионға жақын. Бұл дегеніңіз әнші тұтынушы іздеп әуре болмайды деген сөз. Сондай-ақ, top-antropos.com. сайтының жасаған сараптамасы бойынша әншінің өзі Қазақстандағы ең сұлу қыздардың тізімі бойынша 4-ші орынды иеленіпті.
Өткен жылы 24 жастағы Айдана продюсер Алишер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Сөйтіп әнші қызды болып үлгерді. Жақында «ғаламтор арқылы ақша тап» деп жұртты үгіттейтін алаяқтар Меденованың суретін пайдаланған еді. «19 жастағы қазақстандық ғаламтор арқылы жұмыс істеп, миллион доллар тапты. Оның мұндай табысқа қалай жеткенін біл» деген жазбаның астына Меденованың суреті ілінген еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады