Аяғының башпайлары қалыптан тыс ұзын бойжеткен елді таң қалдырды
Тайвандық әйел желіге әдеттен тыс аяқ саусақтарының суретін салды. Оны алғаш көргенде қол саусақтары екен деп қалады.

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Өзінің кім екенін жасырмаған қыз, тайван университеттерінің бірінде студент екен. Ол аяғындағы ең ұзын саусақ 5 сантиметр екенін жазған. Ал қыздың бойы бар болғаны – 151 сантиметр ғана екен.

Ол осы ерекшелігінің кесірінен өзгелер тарапынан жиі мазақтауға да ұшырайды екен. Суретке пікір қалдырған желі қолданушылары барынша қызды қолдауға тырысқан.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады