Аягөз қаласында апат салдарынан жылу өшті
Қарағанды облысы Саран қаласынан кейін, апат салдарынан еліміздің шығысындағы Аягөз халқы жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
“16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтаудың авариялық ажырауы болды. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақау сағат 16.00-де толық жойылды, қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр”, – деп жазды Абай облысы әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтырылып жатыр.
“Барлық нысандар толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтау 5 қазанда жүзеге асырылды, тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылды”, – деп уәде берді облыс әкімдігі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады