Австрия құрамасы Сан-Мариноны 10:0 есебімен ұтып, тарихи жеңіске жетті
Фото: Reuters
Австрия ұлттық құрамасы өз тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ральф Рангник жаттықтыратын команда әлем чемпионатының іріктеу ойынында Сан-Мариноны 10:0 есебімен ойсырата жеңді.
Матчтың басты кейіпкері — "Црвена Звезда" шабуылшысы Марко Арнаутович. Ол қарсылас қақпасына төрт гол соғып, покер жасады. Сонымен қатар, дортмундтық "Боруссия" ойыншысы Марсель Забитцер екі нәтижелі пас берді. "Комо" қорғаушысы Штефан Пош дубль жасап, бір пастың авторы атанса, "Вердер" жартылай қорғаушысы Романо Шмид те гол және ассистпен көзге түсті.
Бұл жеңіс Австрия құрамасының жаңа рекорды болды. Бұған дейінгі ең ірі нәтиже 1977 жылы тіркелген — ол кезде команда Мальтаны 9:0 есебімен ұтқан еді.
Сан-Марино үшін бұл ең ауыр жеңіліс емес. 2006 жылы олар Германиядан 0:13 есебімен ұтылған болатын.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

